KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысына сәйкес, доллар 0,39 теңгеге қымбаттап, 446, 32 теңгені құрады.
Ұлттық банктің 9 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 445,88 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны – 4,64 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 445,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 448,5 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату – 443,9 теңге, сатып алу– 447,9 теңге.
Ресей рублі 4,58 – 4,71 теңге аралығында ұсынылуда.