KASE-дегі саудада доллар қайта қымбаттады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары нарығындағы күндізгі сауда-саттық аяқталды.

Коллаж: Kazinform / Freepik

16 шілдедегі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 472,34 теңге болып, алдыңғы күнмен салыстырғанда 1,81 теңге өсті. Ұлттық банктің 16 шілдеге белгілеген ресми бағамы — 469,71 теңге.

Kurs.kz дерегінше, Астанадағы айырбастау пункттерінде доллар 468,99 теңгеден сатып алынып, 476,04 теңгеден ұсынылып жатыр. Еуроның бағамы 536,00–546,00 теңге, ал рубль 5,60–5,90 теңге аралығында.

Алматыдағы айырбастау орындарында доллар 470,92 теңгеден қабылданып, 473,22 теңгеден ұсынылған. Еуроның бағамы 539,78–545,29 теңге, рубль 5,70–5,85 теңге аралығында.

Шымкентте доллар 471,33 теңгеден сатып алынып, 473,37 теңгеден сатылып жатыр. Еуро 537,62–543,38 теңге, рубль 5,75–5,82 теңге аралығында.

Еске салайық, 15 шілдедегі күндізгі сауда қорытындысында доллардың орташа бағамы 469,71 теңге болып, 0,77 теңге көтерілген еді.