«Ағымдағы жылдың 10 айында KASE-дегі операциялар саны тарихи ең жоғары мәнге - 130 трлн теңгеге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 67%-ке өсті. Акциялар нарығын капиталдандыру 16,9 трлн теңгеге бағалануда. Сонымен қатар KASE индексі биыл өсу жылдамдығы жағынан әлемде үшінші орынды иеленді. Биржа листингісінің (бағалы қағаздардың KASE тізіміне енгізілуі) 10 айында түрлі эмитенттер акцияларының 11 атауы өтті. Корпоративті облигациялар нарығында 20 эмитенттің 28 облигациясы листингіден өтті», - делінген хабарламада.
Айта кетелік, 2015 жылы KASE БҰҰ-ның «Тұрақты қор биржалары» бастамасына қосылған болатын. KASE бағалы қағаздар саудасы бойынша ТМД биржаларының арасында екінші, FEAS (Еуро-Азиялық қор биржаларының федерациясы) акциялар нарығын капиталдандыру деңгейін бойынша алтыншы орында келеді.