KASE демалыс күндеріне белгіленген валюта бағамын жариялады

Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды.

Фото: Kazinform

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,40 теңгеге төмендеп, 1 доллар 479, 06 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 20 қазандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 479, 40 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 478,1 теңге, сатып алу – 480,5 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 476 теңгеден болса, сатып алу – 481
Алматыда Ресей рублі 4,85 – 5,05 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,87 – 5,02 теңгеден сатылуда.