Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1,97 теңгеге төмендеп, 1 доллар 456,52 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 12 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 458,49 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 458,6 теңге, сатып алу – 459,8 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы 458,5 теңгеден болса, сатып алу – 460 теңге.
Алматыда Ресей рублі 5,03 – 5,19 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 5,03 – 5,08 теңгеден сатылуда.