KASE: доллар 2 теңгеге арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

Коллаж: Kazinform/ Canva

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,04 теңгеге түсіп, 454,31 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 456,56 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 452,00 теңгеден сатып алынады, 459,25 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 524,00 теңге, сату - 534,00 теңге;

- рубль: сатып алу - 5,00 теңге, сату - 5,26 теңге.

- юань: сатып алу - 68,55 теңге, сату - 72,54 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 454,00 теңгеден сатып алынады, 455,90 теңгеден сатылады. Еуро 526,97 – 531,19 теңге, ал рубль 5,10 – 5,23 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,34 теңгеден сатып алынады, 70,64 теңгеден сатылады.

Еске салайық, өткен апта аяғында доллардың орташа бағамы 0,53 теңгеге өсіп, 456,56 теңге болды.