Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар құны 3,51 теңгеге төмендеп, 459,04 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 21 қазанға белгілеген ресми бағамы – 1 доллар үшін 462,56 теңге.
Kurs.kz дерегіне сүйенсек, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 460,03 – 462, 9 теңге аралығында саудаланып жатыр. Ал Астана қаласында сату бағамы – 458,5 теңге болса, сатып алу – 463,5 теңге.
Алматыда Ресей рублі 5,11 – 5,27 теңге, Астанада 5,15 – 5,25 теңге аралығында ұсынылуда.