KASE: Доллар бағамы көтерілді
16:04, 01 Тамыз 2024
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,56 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 474,71 теңге.
Ұлттық банктің 1 тамыздағы ресми бағамы — 1 долларға 473,95 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,50 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 474,7теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 475,5 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы — 472 теңге, сатып алу құны — 477 теңге.
Ресей рублі 5,37 — 5,55 теңге аралығында саудаланып жатыр.