Дүйсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 1,83 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға - 377,7 теңге, ал ең жоғарысы - 378,4 теңге болған. Сауда көлемі 35,36 млн долларға жетті.
Дүйсенбі күні доллардың Т 1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 379,75 теңгені, күндізгі сессияда 379,35 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 379,48 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі - 81,82 млн доллар.
Авторы: Асхат Ахметбеков