KASE: доллар бағамы 121,14 теңгені құрады
11:45, 13 Қаңтар 2009
АЛМАТЫ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат - Қазақстан Қор биржасында (KASE) АҚШ долларының кезекті саудасы өтті.
Бүгін доллардың орташа бағамы 121,14 теңгені, ал сессия көлемі 222,255 миллион америка долларын құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.