KASE: доллар бағамы 121,32теңгені құрады
12:25, 22 Қаңтар 2009
АЛМАТЫ. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ долларының кезекті саудасы өтті.
Бүгін доллардың орташа бағамы 121,32 теңгені, ал сессия көлемі 210,252 миллион долларды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.Кешегі саудада доллардың орташа бағамы 121,31 теңге болған еді.