Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 18 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен 146, 92 теңгені (-0,31 теңге), ал сауда көлемі -65 200 мың долларды құрады (-90 150 мың АҚШ доллары).
Еуроның орташа бағамы Т 0 теңге есебімен бір еуроға 177,60 теңгені, сауда көлемі 300 мың еуроны құрады.
Т 0 АҚШ доллары есебімен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар кездегі баға белгіленімі болған жоқ.