Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Дүйсенбі күнгі саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 19 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен 147,08 теңгені ( 0,05 теңге), ал сауда көлемі 39 650 мың долларды құрады (37 700 мың АҚШ доллары).
Т 0 есебімен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар кездегі баға белгіленімі болған жоқ.
Т 0 АҚШ доллары есебімен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар кездегі баға белгіленімі болған жоқ.