Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Сәрсенбі күнгі саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 16 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен 147,25 теңге теңгені (-0,09 теңге), ал сауда көлемі -91 850 мың долларды құрады ( 79 650 мың АҚШ доллары).
Т 0 есебімен еуроның орташа бағамы еуроға 186,00 теңгені, сауда көлемі - 50 мың еуроны құрады.
Т 0 АҚШ доллары есебімен еуроның орташа бағамы еуро үшін АҚШ доллар есебімен 1,2600 долларды, сауда көлемі - 1 600 мың еуроны құрады.