KASE: доллар бағамы 147,30 теңге, еуро - 181,81 теңге

None
АЛМАТЫ. Маусымның 25-і. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды

Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Сәрсенбі күнгі саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 18 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 147,30 теңге теңгені (+0,10 теңге), ал сауда көлемі -178 300 мың долларды құрады (+ 88 200 мың АҚШ доллары).

Еуро курсының орташа бағамы Т+0 есебімен бір еуроға 181,81 теңгені (+0,11 теңге), сауда көлемі 300 мың. евро (-3 000 мың. евро) құрады.