Бейсенбі күнгі саудамен салыстырғанда доллар бағамы 2,35 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға 329,82 теңге, ал ең жоғарысы 331,3 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 139,15 млн долларға жетті.
Айта кетейік, бір күн бұрын доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 332,73 теңге, күндізгі сессияда - 332,26 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 332,42 теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 165,6 млн долларды құраған.