АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы тағы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 27 ақпан кешімен салыстырғанда 28,34 теңгеге өскен.
АҚШ долларының орташа бағамы 495 теңге болды.
Ұлттық банктің 28 ақпандағы ресми бағамы - 1 доллар үшін 467, 09 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 498 теңгеден сатылса, сатып алу – 504 теңге.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындарында доллар 485 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 530 теңге.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.