Сәрсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 5,78 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға - 368,5 теңге, ал ең жоғарысы 373 теңге болған. Сауда көлемі 72,65 млн долларды құрады.
Сәрсенбі күні доллардың Т 1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 375,83теңгені, күндізгі сессияда 375,95 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 375,9 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі 90,95 млн доллар болды.