АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күнгі Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңертеңгі және күндізгі сауда-саттық нәтижесі бойынша теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа сараланған бағамы 1 долларға 343,61 теңгені құрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА KASE-ке сілтеме жасап.
Сейсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, доллар бағамы 1,25 теңгеге артты. Екі сессия барысындағы төменгі көрсеткіште 1 доллардың бағамы 342,95 теңге, ал, жоғарысы - 344,2 теңге. Сауда-саттық көлемі 139,9 млн долларды құрайды.
Айта кетейік, сәрсенбі күні таңертеңгі сессиясының нәтижесі бойынша 1 доллар 343,21 теңгені құраған болатын.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.