Сейсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 0,03 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға - 3370,3 теңге, ал ең жоғарысы - 370,6 теңге болған. Сауда көлемі 26,8 млн долларды құрады.
Сейсенбі күні доллардың Т 1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 370,43 теңгені, күндізгі сессияда 370,61 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 370,55 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі 98,85 млн доллар болды.