KASE: Доллар бағасы 1,75 теңгеге қымбаттады

Фото: Александр Павский/ Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,75 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 475,37 теңге.

Ұлттық банктің 30 шілдедегі ресми бағамы — 1 долларға 473,29 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,47 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 474,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 475,7 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы — 472 теңге, сатып алу құны — 477 теңге.

Ресей рублі 5,37 — 5,52 теңге аралығында саудаланып жатыр.