KASE: Доллар бағасы қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша,1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

Фото: freepik.com

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,81 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 483, 65 теңге.

Ұлттық банктің 26 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 482,78 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,28 теңге. Еуро – 536,66.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 482,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 485,1 теңге. Еуро 537,5 – 542 теңге аралығында саудалануда.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 480 теңге, сатып алу құны – 484 теңге. Еуро 536 теңгеден сатылып, 541 теңгеден сатып алынады.

Ресей рублі 5,20 – 5,30 теңге аралығында саудаланып жатыр.