КASE: Доллар бағасы төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 327,51 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.

Дүйсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда шетелдік валюта бағамы 0,19 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға 326,9 теңге, ал ең жоғарғысы 327,66 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 84,1 млн долларға жетті.

Дүйсенбі күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 327,7  теңге, күндізгі сессияда 327,91 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 327,85 теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 115,75 млн долларды құрады.