Сәрсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 0,33 теңгеге арзандаған. Сессия барысында ең төменгі бағам 1 долларға - 378,8 теңге, ал ең жоғарысы - 379,3 теңге болған. Сауда көлемі 26,31 млн долларға жетті.
Сәрсенбі күні доллардың Т 1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 379,41 теңгені, күндізгі сессияда 379,32 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 379,36 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі 97,85 млн доллар.