KASE: Доллар едәуір құлады
16:38, 21 Желтоқсан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі күнгі таңертеңгілік сессия бойынша АҚШ долларына шаққандағы теңгенің орташа бағамы Қазақстан қор биржасында (KASE) 1 долларға 334,13 теңгені құрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА KASE-ге сілтеме жасап.
Сәрсенбі күнгі саудада доллар бағамы 1,55 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға 333,1 теңге, ал ең жоғарысы 335,4 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 341,2 млн долларға жетті.
Таңғы сессия қорытындысы бойынша сәрсенбі күні KASE-дегі доллар бағамы 1 долларға шаққанда 335,68 теңге болған. Жалпы сауда көлемі 264,1 млн долларды құрады.