KASE: Доллар қайта қымбаттады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы күрт өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 16 ақпан кешімен салыстырғанда 0,91 тиынға өскен.

АҚШ долларының орташа бағамы 428, 73 теңге болды.

Ұлттық банктің 17 ақпандағы ресми бағамы -1 доллар үшін 427, 84 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 428,96 теңгеден сатылса, сатып алу – 430,52 теңге.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 428,56 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 429,95 теңге.