KASE: Доллар тағы қымбаттады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы күрт өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 20 ақпан кешімен салыстырғанда 1,56 теңгеге өскен.

АҚШ долларының орташа бағамы 429, 87 теңге болды.

Ұлттық банктің 21 ақпандағы ресми бағамы -1 доллар үшін 428, 32 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 429,84 теңгеден сатылса, сатып алу – 431,42 теңге.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 429,17 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 430,41 теңге.