Бүгін сауда-саттықта KASE валюта нарығының 12 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
Т 1 есебімен теңгеде АҚШ долларының орташа бағамы 1 АҚШ доллары үшін 182,02 теңгені құрады.
Т 2 есебімен теңгеде АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, Сессияның жабылуында ұсыныстар болмаған жағдайда, сұраныс 1 АҚШ долларына 182,03 теңгені құрады.
Еуро бойынша Т 1 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.
Еуро бойынша Т 2 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.