KASE кешкі сессиясы: АҚШ доллары - 147,73 теңге, еуро - 199,22 теңге
АҚШ доллары бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (USDKZT_SPT), еуро бойынша Т+1 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOM), еуро бойынша Т+2 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_SPT), еуро бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (EURKZT_TOM), еуро бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (EURKZT_SPT) KASE-нің кешкі сауда сессиясы аяқталды.
Саудаға KASE-нің 15 мүшесі қатысты, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі.
Т+1 теңге есебімен АҚШ долларының орташа бағамы 147,73 теңгені, ал сауда көлемі - 53 500 мың АҚШ долларын құрады.
Т+2 теңге есебімен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессияның жабылуында сұраныс бағамы АҚШ доллары үшін 147,65 теңгені құрады, ұсыныс болған жоқ.
Т+1 теңге есебімен еуро бойынша орташа бағам 199,22 теңгені, сауда көлемі 15 000 мың еуроны құрады.
Т+1 есептерімен еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларында сауда жасалмады. Сұраныс пен ұсыныс болған жоқ.
Т+2 есептерімен еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларында сауда жасалмады. Сұраныс пен ұсыныс болған жоқ.