KASE кешкі сессиясы: АҚШ долларының бағамы - 145,34 теңге
18:37, 22 Сәуір 2011
АЛМАТЫ. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында АҚШ доллары бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (USDKZT_TOM), АҚШ доллары бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (USDKZT_SPT), еуро бойынша Т+1 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOM), еуро бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (EURKZT_TOM), еуро бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (EURKZT_SPT) KASE-нің кешкі сауда сессиясы аяқталды.
25 сәуір ГФР мен Ұлыбританияда демалыс күні - Пасханың Екінші күні болғандықтан, EURUSD_SPT мен EURKZT_0_002 бойынша валюталық своп операциялары жүргізілген жоқ. Жұма күнгі саудаға KASE-нің 14 мүшесі қатысты, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі.
Т+1 теңге есебімен АҚШ долларының орташа бағамы 145,34 теңгені, ал сауда көлемі 58 000 мың АҚШ долларын құрады.
Т+2 теңге есебімен АҚШ долларымен мәміле жасалмады. Сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Т+1 есептерімен еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларымен сауда жасалмады. Сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.