KASE кешкі сессиясы: АҚШ долларының бағамы - 146,82/146,86 теңге
17:54, 24 Қаңтар 2011
АЛМАТЫ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында АҚШ доллары бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (USDKZT_TOM),
- еуро бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (EURKZT_TOM), еуро бойынша Т+1 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOM), АҚШ доллары бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (USDKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (EURKZT_ SPT), еуро бойынша Т+2 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_ SPT) KASE-нің кешкі сауда сессиясы аяқталды.
Саудаға KASE-нің 9 мүшесі қатысты, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі.
Т+1 теңге есебімен АҚШ долларының орташа бағамы 146,82 теңгені, ал сауда көлемі -30 000 мың АҚШ долларын құрады.
Т+2 теңге есебімен АҚШ долларының орташа бағамы АҚШ доллары үшін 146,86 теңге, сауда көлемі - 50 000 мың АҚШ долларын құрады.
Т+1 есептерімен еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларымен сауда жасалмады. Сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Т+2 есептерімен еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларымен сауда жасалмады. Сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.