KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары = 146,86 теңге

АЛМАТЫ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) кешкі сауда сессиясы аяқталды, оған KASE-нің «В» санатындағы 11 мүшесі қатысты, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі.

Кешкі сауда сессиясы АҚШ доллары бойынша Т 1 есептерімен теңгемен (USDKZT_TOM), еуро бойынша Т 1 есептерімен теңгемен (EURKZT_TOM), еуро бойынша Т 1 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOM), АҚШ доллары бойынша Т 2 есептерімен теңгемен (USDKZT_SPT), еуро бойынша Т 2 есептерімен теңгемен (EURKZT_SPT), еуро бойынша Т 2 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_SPT) жасалды.

Т 1 есебімен АҚШ долларының орташа бағамы 1 доллар үшін 146,86 теңгені құрап, сауда көлемі 39 200 мың АҚШ доллары болды.

Т 2 есептерімен АҚШ доллары бойынша теңгемен сауда жасалмады. Сұраныс пен ұсыныс болған жоқ.

Т 1 және Т 2 есептерімен еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларымен сауда жасалмады. Сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.