KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 147,45 теңге
17:59, 20 Қыркүйек 2010
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 20-cы. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында АҚШ доллары бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (USDKZT_TOM), еуро бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (EURKZT_TOM), еуро бойынша Т+1 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOM), АҚШ доллары бойынша Т+2 есептерімен
теңгемен (USDKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (EURKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есептерімен АҚШ доллары (EURUSD_SPT) бойынша KASE-нің кешкі сауда сессиясы аяқталды, оған KASE-нің 11 мүшесі қатысты, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі.
Т+1 есебімен АҚШ долларының орташа бағамы 1 доллар үшін 147,45 теңгені құрап, сауда көлемі - 136 500 мың АҚШ доллары болды.
Т+2 есептерімен АҚШ доллары бойынша теңгемен сауда жасалмады. Сессияның жабылуында сұраныс бір доллар үшін 147,40 теңгені құрады, ұсыныс болған жоқ.
Т+1 және Т+2 есептерімен еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларымен сауда жасалмады. Сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.