KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 147,68 теңгені құрады
19:07, 08 Желтоқсан 2011
АЛМАТЫ. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+1 есебімен теңгемен (USDKZT_TOМ), еуро бойынша Т+1 есебімен теңгемен (EURKZT_TOМ), еуро бойынша Т+1 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOМ), АҚШ доллары бойынша Т+2 есебімен теңгемен (USDKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен (EURKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_SPT ) кешкі сауда сессиясы өтті.
Бейсенбі күні нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 9 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
Т+1 есептерімен АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 147,68 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 1 900 мың АҚШ доллары болды.
T+2 есептерімен АҚШ долларының теңге бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Еуро спот-нарықта:
- Т+0 есептерімен еуромен теңге және АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
- Т+0 есептерімен еуромен теңге және АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.