KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 148,18 теңгені құрады
еуро бойынша Т+1 есебімен теңгемен (EURKZT_TOM), еуро бойынша Т+1 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOM), АҚШ доллары бойынша Т+2 есебімен теңгемен (USDKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен (EURKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_SPT) кешкі сауда сессиясы өтті.
Сәрсенбі күні саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 14 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 148,18 теңге болды.
АҚШ доллары бойынша Т+2 есебімен теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында сұраным бір доллар үшін 148,10 теңге болды.
Еуро бойынша Т+1 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.