KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 149,63 теңгені құрады
АҚШ доллары бойынша Т+2 есебімен теңгемен (USDKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен (EURKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_SPT) кешкі сауда сессиясы өтті.
Саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 14 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 149,63 теңге, сауда көлемі - 48 700 мың АҚШ доллары болды.
АҚШ доллары бойынша Т+2 есебімен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында 1 АҚШ доллары үшін сұраным 149,55 теңгені, ұсыныс - 149,65 теңгені құрады.
Еуро бойынша Т+1 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.