KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 150,71/150,76 теңгені құрады

None
АЛМАТЫ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+1 есебімен теңгемен (USDKZT_ TОМ), еуро бойынша Т+1 есебімен теңгемен (EURKZT_ TОМ),

еуро бойынша Т+1 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_ TОМ), АҚШ доллары бойынша Т+2 есебімен теңгемен (USDKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен (EURKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_SPT) кешкі сауда сессиясы өтті.

Саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 7 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.

АҚШ доллары бойынша Т+1 есебімен орташа бағамы бір доллар үшін 150,71 теңгені, сауда көлемі - 4 800 мың АҚШ долларын құрады.

АҚШ доллары бойынша Т+2 есебімен теңгемен орташа бағамы бір доллар үшін 150,76 теңгені, сауда көлемі - 12 000 мың АҚШ долларын құрады.

Еуро бойынша Т+1 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.