EURKZT_TOM, EURUSD_TOM бойынша сауда бүгін KASE-де 26 желтоқсанда Ұлыбританияда және Германияда мерекелі күн (Christmas Day) болуымен байланысты өткізілген жоқ.
Саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 21 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
Т 1 есебімен теңгеде АҚШ долларының орташа бағамы 1 АҚШ доллары үшін 154,09 теңгені, сауда көлемі - 94 800 мың АҚШ долларын құрады.
Т 2 есебімен теңгеде АҚШ долларының орташа бағамы 1 АҚШ доллары үшін 153,98 теңгені, сауда көлемі - 5 000 мың АҚШ долларын құрады.
Еуро бойынша Т 2 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.