KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ долларының бағамы 147,27 теңгені құрады
18:13, 07 Қыркүйек 2010
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) кешкі сауда сессиясы аяқталды, оған KASE-нің «В» санатындағы 11 мүшесі қатысты, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі.
Кешкі сауда сессиясы АҚШ доллары бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (USDKZT_TOM), еуро бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (EURKZT_TOM), еуро бойынша Т+1 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOM), Т+2 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_SPT) жасалды.
Т+1 есебімен теңге бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 1 доллар үшін 147,27теңгені құрап, сауда көлемі 14 300 мың АҚШ доллары болды. Т+2 есебімен теңге бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 147,35 теңгені құрап, сессия көлемі 200 000 мың АҚШ долларына жетті.
Т+1 есебімен еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларымен сауда жасалмады. Сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.
Т+2 есебімен еуро бойынша АҚШ долларымен және теңгемен мәміле жасалған жоқ.