KASE кешкі сессиясының қорытындысы: доллар США - 148,37 теңге

None
АЛМАТЫ. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) дүйсенбі күні, желтоқсанның 21-інде кешкі сауда сессиясы аяқталды, оған   KASE-нің «В» санатындағы 13 мүшесі қатысты,

деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі.

Кешкі сауда сессиясы АҚШ доллары бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (USDKZT_TOM), еуро бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (EURKZT_TOM),   еуро бойынша Т+1 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOM), АҚШ доллары бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (USDKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (EURKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_SPT) жасалды.

Т+1 есебімен АҚШ долларының орташа бағамы 1 доллар үшін 148,37 теңгені құрап, сауда көлемі 55 400 мың АҚШ доллары болды.

Т+1 есептерімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалмады, Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 доллар үшін 148,25/148,55 теңге болды.

 Т+1 есептері бойынша еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларымен сауда жасалмады. Сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.

 Т+2 есептері бойынша еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларымен сауда жасалмады. Сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.

REUTERS ақпараттық жүйесінде биржадан тыс валюта нарығындағы доллардың индикативтік баға белгіленімі Алматы уақыты бойынша сағат 17:00-де 1 доллар үшін 148,46/148,53 теңгені құрады.