KASE күндізгі доллар бағамын жария етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:
- есептесуі теңгемен Т+0 АҚШ долларының (USDKZT_TOD) орташа  сараланған бағамы 320,24 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі - 81 700 мың АҚШ долларын құрады;

- есептесуі теңгемен Т+1 және Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер   жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі еуромен T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) орташа сараланған  бағамы 339,23 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 150 мың еуро;

- есептесуі еуромен Т+1 және Т+2 теңге бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі еуромен T+0, Т+1 және Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір рубльге 5,6180  теңгені құрады, сауда-саттық   көлемі 78 000 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 320,70 теңгені (-1,79 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 132 100 мың (+49 550 мың USD).

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша орташа сараланған кірістілік сұраным болмаған жағдайда жылдық +12,0000 % құрады.

- USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған кірістілік жылдық  +6,1134 % құрады, сауда-саттық көлемі 1 028 900  мың USD болды.

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ.

Сауда-саттыққа 27 банк қатысты.