KASE күндізгі сессия: 1 АҚШ доллары - 353,94 теңге

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:- есептесуі теңгемен Т+0 (USDKZT_TOD) АҚШ долларының орташа

сараланған бағамы 353,94 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 107  250 мың АҚШ долларын құрады;

- есептесуі теңгемен Т+1 және Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде

  баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде

  баға белгілеулер тіркелген жоқ; 

- есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық

  жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ - есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 5,2956 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 46 500 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 353,70 теңгені

(+1,60 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 166 150 мың USD (+63 250 мың).

Валюталық своп операциялары нарығында: - USDKZT_0_001 бойынша орташа сараланған кірістілік +12,6751 %  құрады, сауда-саттық көлемі - 275 300 мың АҚШ долларын құрады; 

- USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған кірістілік +12,8000 % құрады, сауда-саттық көлемі - 25 000 мың АҚШ долларын құрады;

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтінде KASE сауда-саттық жүйесінде баға

 белгілеулер болған жоқ.
 
Сауда-саттыққа 30 банк қатысты.