Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша: - есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша орташа сараланған бағамы 336,99 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 106 550 мың АҚШ долларын құрады; - есептесуі Т+1 және Т+2 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі T+0, Т+1 және Т+2 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 5,0682 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 42 400 мың рубль болды.
Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 336,86 теңгені (-1,02 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 177 600 мың
USD (+87 350 мың). Валюталық своп операциялары нарығында: - USDKZT_0_001 орташа сараланған кірістілігі +13,7290 %, сауда-саттық көлемі 175 800 мың USD құрады;
- USDKZT_0_002 орташа сараланған кірістілігі +13,6812 %, сауда-
саттық көлемі 38 500 мың USD құрады;
- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Сауда-саттыққа 25 банк қатысты.