KASE күндізгі сессиясы: 1 АҚШ доллары - 343,01 теңге

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.

KASE күндізгі сессиясы: USDKZT_TOD = 343,01, EURKZT_TOD = 381,70, RUBKZT_TOD = 4,9102, USDKZT_0_001 = +0,1100 (жылдық 11,33 %) /KASE, 14.03.16/ - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.
Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:
- есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша орташа сараланған бағамы 343, 01 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 42 900 мың АҚШ доллары;
- есептесуі Т+1 және Т+2 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі Т+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша орташа сараланған бағамы бір еуроға 81,70 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 100 мың еуро;
- есептесуі Т+0, Т+1 және T+2 еуро бойынша АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 4,9102 теңгені құрады, сауда- саттық көлемі 52 600 мың рубль болды.
Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 343,32 теңгені (-0,60) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 97 500 мың USD (-13 100 мың).