KASE күндізгі сессиясы: 1 доллар = 330,99 теңге

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. Бұл туралы биржаның баспасөз қызметі хабарлады.

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

- есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша орташа сараланған бағамы 330,99 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 57 750 мың АҚШ долларын құрады;

- есептесуі Т+1 және Т+2 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 еуромен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 5,0922 теңгені құрады, сауда- саттық көлемі 20 000 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 331,08 теңгені (-0,67) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 123 650 мың USD (-47 100 мың).

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 орташа сараланған бағам +0,1400 теңге (жылдық 15,217 %), сауда-саттық көлемі 110 000 мың USD құрады;

- USDKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, орташа сараланған бағам +0,6900 теңге, ұсыным -65 000 мың USD құрады;

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Сауда-саттыққа 23 банк қатысты.