KASE күндізгі сессиясы: 1 доллар = 334,79 теңге

АСТАНА. ҚазАқпарат -Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

- есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша орташа сараланған бағамы 334,79 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 52 100 мың АҚШ долларын құрады;

- есептесуі Т+1 және Т+2 АҚШ долларымен теңге бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға   белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер  жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға  белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 5,0799 теңгені құрады, сауда- саттық көлемі 29 900 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 335,10 теңгені (-2,67 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 122 550 мың USD (+42 850 мың).

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 орташа сараланған кірістілігі +13,7260 %, сауда-саттық көлемі 150 400  мың USD құрады;

- USDKZT_0_002 орташа сараланған кірістілігі +13,2229 %, сауда-саттық көлемі 15 300 мың USD құрады;

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған  жоқ, KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Сауда-саттыққа 23 банк қатысты.