KASE күндізгі сессиясы: 1 доллар = 334,81 теңге

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

- есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша орташа сараланған бағамы 334,81 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 61 850 мың АҚШ долларын құрады;

- есептесуі Т+1 және Т+2 АҚШ долларымен теңге бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға  белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша орташа сараланған бағамы 377,10 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 300 мың еуроны құрады;

- есептесуі Т+1 және Т+2 еуромен теңге бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға  белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 5,1794 теңгені құрады, сауда-  саттық көлемі 25 000 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 333,97 теңгені (+3,81 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 94 950 мың USD (-26 450 мың).

Валюталық своп операциялары нарығында:

  - USDKZT_0_001 орташа сараланған кірістілігі +11,9905 %, сауда- саттық көлемі 167 400 мың USD құрады;

  - USDKZT_0_002 орташа сараланған кірістілігі +11,3976 %, сауда- саттық көлемі 41 000 мың USD құрады;

  - EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған    жоқ, KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Сауда-саттыққа 29 банк қатысты.