KASE күндізгі сессиясы: 1 доллар - 340,12 теңге

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

- есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша орташа сараланған бағамы 340,12 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі  73 400 мың АҚШ долларын құрады;

- есептесуі Т+1 және Т+2 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 еуромен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық  жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 5,0512 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 29 200 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 340,31 теңгені (-0,88) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 95 900 мың USD (+12 750 мың).

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 орташа сараланған бағам +0,3900 теңге (жылдық 13,08 %), сауда-саттық көлемі 353 300 мың USD құрады;

- USDKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтінде ұсыным 0,4800 теңгені құрады;

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Сауда-саттыққа 26 банк қатысты.