KASE күндізгі сессиясы: 1 доллар = 340,24

АСТАНА. ҚазАқпарат Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

- есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ долларының орташа  сараланған бағамы 340,24 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 43 450 мың АҚШ долларын құрады;

- есептесуі Т+1 және Т+2 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуроның орташа сараланған бағамы бір еуроға 3750,00 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі - 100 мың еуро болды;

- есептесуі Т+1 және Т+2 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 5,3832 теңгені құрады, сауда- саттық көлемі 43 000 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 339,90 теңгені (+1,18 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 68 250 мың USD (+1 900 мың).

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша орташа сараланған кірістілік +12,2980 % құрады, сауда-саттық көлемі - 134 200 мың АҚШ долларын құрады.

- USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған кірістілік +12,2786 % құрады, сауда-саттық көлемі - 66 700 мың АҚШ долларын құрады.

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтінде KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ.

Сауда-саттыққа 25 банк қатысты.