KASE күндізгі сессиясы: 1 доллар - 343,10 теңге

АСТАНА. ҚазАқпарат -Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

Бүгін Қазақстан қор биржасында (EURKZT_TOD, EURUSD_TOD, EURKZT_TOM, EURUSD_TOM, EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 қаржы құралдарымен Германия мен Ұлыбританияда 25 наурыз (Страстная пятница) және 28 наурыз (Пасханың екінші күні) демалыс күндері болғандықтан сауда-саттық өткізілген жоқ.

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

- есептесуі Т 0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша орташа сараланған бағамы 343,10 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 68 400 мың АҚШ доллары;

- есептесуі Т 1 және Т 2 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т 2 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т 0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 5,0130 теңгені құрады, сауда- саттық көлемі 80 000 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 343,83 теңгені (-3,14) тұрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 154 400 мың USD (10 900 мың).

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 орташа сараланған бағам 0,3300 теңге, сауда-саттық көлемі 278 500 мың USD құрады;

- USDKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Сауда-саттыққа 23 банк қатысты.